Астанада күмәнді сөмкеге байланысты Министрліктер үйі ауданында жол қозғалысы шектелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Полиция қызметкерлері сол маңайда қызметін атқарып жүрген. Бір сәтте олар иесіз сөмкені көріп, 09:40-та кезекші бөлімге хабарласқан. Оқиға орнына ІІД мамандары аттанып, еш күмәнді зат таппаған. 10:05-те жол қозғалысы қайтадан ретке келтірілді. Сөмкені Мәңгілік ел және Достық көшелерінің қиылысында тапқан», — деді ІІ өкілдері. Полиция мәліметінше, сөмкеде құжаттар мен жеке заттар болған, иесі іздестіріліп жатыр.