jasqazaq.kz

Астанада мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің әлеуеті зор

01 қараша 2022, 13:17

Бүгінгі таңда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің пайдалы жақтарын уақыт дәлелдеп отыр. Нарықтың осы тетігі нақты жобаларды жүзеге асырып, жергілікті бюджетке түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді. Астана қаласының әкімдігінің мәліметінше, 2017-2022 жылдар аралығында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша 16 келісімшарт жасалған. Олар білім беру, денсалық сақтау, көлік инфрақұрылымы, ақпараттық жүйелер, спорт, экология және басқа да салаларды қамтиды.

Енді солардың кейбіріне жеке-жеке тоқталайық. Мәселен, білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 5 мектептің құрылысы бітіп, олар cоңғы екі жылы пайдалануға берілді. Енді бір мектептің құрылысы осы жылдың желтоқсан айында бітеді деп жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде қаладағы оқушылар орнының тапшылығы 24 мың орынға қысқарды. Аталған келісім-шарттар аясында 1,5 мың жаңа жұмыс орны пайда болмақ.

Көлік және инфрақұрылым саласында үш келісімшарт жасалған. Оның ішінде «Сергек» фото-бейнефиксация және бейне талдау кешенін құру, көлік қызметі және автотұрақ кеңістігін пайдалану мәселелері бар. Мысалы, көліктік қызмет көрсету туралы жоба әкімдікке бұрынғымен салыстырғанда өз шығындардын 45 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік берді.

«Сергек» жобасының да нақты нәтижелері бар. Атап айтсақ, жол-көлік оқиғалары 36 пайызға және олардан зардап шеккендердің саны 24 пайызға, өлім-жітім 50 пайызға төмендеген. Қоғамдық орындардағы заңбұзушылық 71 пайызға азайған. Ал, қылмыстық істердің ізін суытпай ашу, сондай-ақ әкімшілік заңбұзушылықтарды дер кезінде анықтау екі есеге артқан көрінеді. Аталған жобаны іске асыру нәтижесінде айыппұлдар арқылы бюджетке түскен қаржы миллиард теңгені құраған.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Паралимпиадалық оқу орталығының және «Тарлан» мұз айдынының қызметін ұйымдастыру бойынша жоба да сәтті жүзеге асырылуда. Орталықта спорттың 17 түрі бойынша тегін жаттығулар жүргізіледі. Айына мұнда келушілердің орташа саны 3400 адамнан асады.

Бір сөзбен айтқанда, жүзеге асырылып жатқан барлық жобалар әлеуметтік-экономикалық жағынан да, бюджетті үнемдеу жағынан да өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тартылған инвестицияныі жалпы көлемі Астана қаласында қазір 64,9 млрд теңгені құрайды.

Абзал Ибрагим,
Астана

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті