jasqazaq.kz

Астанада көмір алыпсатарларымен ауқымды күрес басталды

16 қазан 2017, 22:02

Астанада көмір алыпсатарларымен ауқымды күрес басталды. Өйткені, қалада аңғал жұртты алдап қара отынды қымбатқа сататын делдалдар көбейіп кеткен. Олар көмірдің тоннасын 16-18 мың теңгеге дейін саудалауда. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Азамат Рашидов, Астана қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы:

— Заңнамаға сәйкес осындай фактілер анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылады. Бүгінде баға тұрақты. Біз ол бағаны күнделікті маниторинг жасаймыз. Бағаның өсуіне жол бермейміз.

Яғни, тұрақты делінген баға Шұбаркөл көмірі үшін 11 мың 500 теңге. Алыпсатарлар болса, жұрт көп тұтынатын отынның бұл түрін әлдеқайда қымбатқа сатып жатыр. Сондықтан жергілікті полиция көмір орталықтарын қатаң бақылауға алған. Делдалдар ұсталса, айыппұл салынбақ. Ал, атқамінерлер көмір жеткілікті деп сендірді. Айтуларынша, Қаражыра, Шұбаркөл, Богатырь кен орындарынан қазылған отынның 150 вагоны Елордаға күнделікті жеткізіледі. Сондықтан тұрғындарға тас отынды тек қоймадан алуға кеңес беріп отыр. Десе де, ондағы ұзын сонар кезек әлі азаймаған.

27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті