Астанада автомобиль жеке үйге қарай ұшып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпарат агенттігі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 26 қарашада шамамен сағат 01.00-де Бабатай ұлы мен Жаңа қоңыс көшелерінің қиылысында болған. Ведомстводағылардың редакция жолдаған сауалға берген жауабында «Лада» маркалы көлік жүргізушісінің көлік тізгінін басқарам алмай, үйдің қабырғасына барып соғысқаны айтылады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 29 жастағы жүргізуші мен «Ладаның» 27 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Ал 26 қарашада шамамен сағат 12.00-де жолаушының алған жарақаттардан ауруханада қайтыс болғаны хабарланды. Автокөлік коммуналдық тұраққа жеткізілді.
«Астана қалалық ІІД Тергеу басқармасындағылар ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», — деп хабарлады ІІД өкілдері.