jasqazaq.kz

Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты басталды

31 қазан 2017, 11:07

Астанада қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық сотта ҚР ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Today.kz. Сот төреші Әділхан Шайхисламовтың төрелігімен өтуде. Қылмыстық іс парақорлыққа қатысты.

Сотталушы орындығында істің басты фигурантынан басқа 22 адам отыр.

Естеріңізге салайық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро нұсқасы бойынша «Бәйтерек» холдингі АҚ басқарма басшысы Қуандық Бишімбаев қаражат жымқыру үшін қылмыстық сызба құрып, құрылыс компанияларынан пара алып отырған. Соңғы ақпарат бойынша, ол сегіз рет пара алып, бір рет бюджеттен 1,2 миллиард теңге ақша жымқырған, жеті рет «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 346 миллион теңге пара алған.

Қуандық Бишімбаев ұлттық экономика министрі лауазымынан 2016 жылдың соңында босатылып, пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Тергеу жұмыстары 10 айға созылып, іс сотқа 14 қазанда жетті.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы