jasqazaq.kz

Астанада кәсіподақ көшбасшылығы мектебі ашылды

14 маусым 2018, 18:12

Кеше Астанада Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі ашылды. Ашылу салтанатына Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым мен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алик Айдарбаев қатысты.

Кәсіподақ қызметкерлерінің жаңа сипатын қалыптастыру мақсатында Қазақстанда алғаш рет қолға алынған кешенді білім беру жобасының мақсаты — еңбек ұжымдарындағы оңтайлы қарым-қатынастың қазіргі заманғы тәсілдеріне үйрету. Жобаны Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы мен «Самұрық-Қазына» қоры Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы бірлесіп қолға алды. Оны жүзеге асыру барысында кәсіподақтық менеджмент, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, коммуникация, қаржы және заң сауаттылығы, қызметкерлерді басқару, дау-дамайларды шешу саласындағы өзекті мәселелер талданады.

«Кәсіподақ көшбасшылығы мектебінің білім беру курсы кәсіподақ басшыларына жан-жақты кәсіби дағдылар мен қазіргі заманғы жұмыстың озық технологияларын оқытады. Әлеуметтік серіктестікті жоғары дәрежеде ұстап тұру үшін, ең бірінші кезекте, сауатты мамандардың керектігін айтқым келеді. Қарапайым еңбек адамдарының құқығын қорғауды жақсартуға ерекше назар аударамыз. Осы орайда «Самұрық-Қазына» қоры басшылығына аталған мәселенің маңыздылығын түсініп, Қор компаниялары тобында әлеуметтік серіктестік пен кәсіподақ қозғалысын дамытуға қолдау танытқанына алғысымды білдіремін», — деді Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым.

Сөйтіп Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы мен Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз қалаларынан жиналған 30 кәсіподақ ұйымының басшысының қатысуымен алғашқы оқу сабағы басталды. 28 мамыр күні Маңғыстау облысында пилоттық топ жұмысы табысты өткізілген еді. Жыл аяғына дейін мұндай оқуға еліміздің барлық өңірінен кәсіподақ көшбасшылары қатысатын болады.

«Біз де өз тарапымыздан бұл қадамның маңызды әрі пайдалы екенін айтқымыз келеді. Өзгерістер сәт сайын орын алып жатқан бүгінгі кезде біліктілік пен дағдыны үнемі жетілдіріп отыру қажет. Осы орайда жақында ғана «Самұрық-Қазына» қорының жаңа Даму стратегиясы қабылданғанын, онда қарамағымыздағы компаниялардың қызмет тиімділігін көтеру көзделгенін жеткізгім келеді. Елбасы алға қойған міндеттерді орындауда кәсіпорындар табысты жұмыс істеп, отандастарымыз ертеңгі күнге сеніммен қарауы тиіс. Бұл бағытта әлеуметтік серіктестіктен тыс, өндірістің өрлеуі де нақты ұжымдардағы кәсіподақ көшбасшыларының біліктілігіне байланысты деп санаймыз. Кәсіподақ басшылары адамдарға биік мүдде төңірегінде топтасып, жаңа заманға бейімделуге көмектескені абзал», — деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алик Айдарбаев.

Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі алты оқу модулінен тұрады: «Кәсіподақ көшбасшылығы», «Қаржы менеджменті», «Құқықтық сауаттылық және жауапкершілік», «Медиация мен кикілжіңдерді басқару», «Персоналды басқару», «Тиімді коммуникация». Сабақ қорытындысында қатысушылар арнайы сынақ тапсырып, оларға сертификаттар беріледі.

Руслан Достаев

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды