jasqazaq.kz

Астанада IQOS дүкені ашылды

28 ақпан 2018, 12:28


«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС IQOS темекі қыздыру жүйесінің Астана қаласында сатыла бастағанын хабарлайды. IQOS жүйесі дүние жүзінің отыз сегіз елінде, соның ішінде Жапония, Италия, Швейцария, Канада мен Ресейде сатылады. Осы өнім 2014 жылы нарыққа шыққаннан бері кәмелетке толған 5 миллионға жуық шылымқұмар кәдімгі темекіден бас тартып, IQOS-қа ауысты.

Кәмелетке толған қазақстандық темекі шегушілер де бұдан қалыс қалмады. 2017 жылдың қаңтарында Алматыда алғашқы IQOS дүкені ашылған соң, таңсық өнімді тұтынуға мүмкіндік алды. Ал жуырда Астанадағы «Керуен» сауда орталығында IQOS дүкені ашылды.
IQOS деген не? Алдымен соған түсінік берейік. IQOS — бұл нағыз темекінің дәмін татуға мүмкіндік беретін балама. Бірақ түтіні мен күлі жоқ. Оны тартқаннан кейін бойыңызда жағымсыз иіс қалмайды. Темекіні тұтатпай қыздыру процесі негізге алынған.
IQOS жүйесі екі бөліктен, атап айтқанда, тұтқыш пен зарядтау құрылғысынан тұрады. Оны тек қыздырылатын темекі таяқшаларымен (стик) қолдану керек. Ол үшін темекі стигін тұтқышқа орналастырады да, 350°C-ден аспайтын температураға дейін қыздырылған темекі буын ішіне тартады.
IQOS жүйесінде қолданылатын технология Швейцариядағы Филип Моррис Интернэшнл (ФМИ) ғылыми-зерттеу орталығында дүниеге келді. Бірегей технологияны жасау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 400-ден астам ғалым еңбек етті. Жобаға құйылған инвестиция 4.5 миллиард доллардан асты. Осының нәтижесінде, нарыққа бұрын-соңды болмаған өнім ұсынылды. Оның кәдімгі темекіге қарағанда қолайлы алмастырушы екендігі ФМИ-дің кең көлемдегі клиникалық және зертханалық, сондай-ақ түрлі елдердің тәуелсіз институттарының зерттеулерімен расталады.
«Біздің компания революциялық озгерістерге қадам басуда. Алдымызға темекі түтініне тұншықпайтын келешекті қалыптастыру мақсатын койдық. Сондықтан осы өнімнің кәдімгі темекіні мейлінше жылдам алмастыруын қалаймыз. Мұндай қадамның шылымнан бас тартпайтын тұтынушылар үшін ұтымды ұсыныс екеніне сенімдімін», — дейді «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС басшысы Айбат Ахметалимов.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен