Астана полициясы қалаға есірткі таратушыларды қолға түсірді.
9 қараша күні Астана ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, есірткіні таратумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді.
Бұл туралы NUR.KZ порталы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Есірткіні жеткізуші әрі қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қамауға алынды. Ол — есірткі қылмысы үшін бұған дейін істі болған 1982 жылғы Жамбыл облысының тұрғыны.
Сонымен қатар, оның қылмысына болысқан өзге тұлғалар анықталып, ұсталды. 37 және 39 жастағы екі жергілікті тұрғын есірткіні сақтауға және қала аймағында таратуға қатысы бар деп күдіктелуде.
Полиция олардың тұрғылықты мекенжайы бойынша жасырын қоймасын анықтап, 15 келілік «гашишті» тәркіге алды.