Астанада Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

21 шiлде 2023, 10:23

Шілде айынан бастап Астанада Министрліктер үйінде (16-шы кіреберіс) орталық мемлекеттік органдардың халықпен жұмыс жүргізу жөніндегі бірыңғай фронт-желісі болып табылатын Азаматтарды қабылдау орталығы өз жұмысын бастады.
Үкіметтің Телеграм-каналында жазылғандай, орталықтың негізгі міндетінің бірі – мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының жаңа ортасын құру.
Орталық базасында келушілер өздеріне ыңғайлы жағдайда кез келген мемлекеттік органға өтінішін бере алады. Сондай-ақ ХҚКО-ға ұқсас түрлі ведомстволар өкілдерінен, медиаторлар және заң мамандарынан кеңес ала алады.
Сонымен қатар мұнда азаматтар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жеке қабылдауына жазылу мүмкіндігіне ие болмақ.


Орталық алаңында апта сайын 18 министрліктің өкілдері азаматтарды жеке қабылдайды, кесте Үкімет сайтында алдын ала жарияланады.
Басқа аймақтағы тұрғындарға елордаға арнайы келудің қажеті жоқ. Оларды қабылдау онлайн-форматта да жүргізіледі.
Орталықтың құрылуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі ауқымды жұмыстың жалғасы болып отыр.

 


Жаңа Орталықтың базасында цифрлық ХҚКО іске қосылды. Ол арқылы онлайн режимде 1220 мемлекеттік қызмет түрін алуға болады.
Ескерте кетейік, Орталықта ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, қылмыстық іс жүргізу немесе азаматтық іс жүргізу заңнамасында қарау тәртібі белгіленген өтініштер қабылданбайды. Бұл мәселелер бойынша азаматтар тиісті құқық қорғау немесе сот органдарының фронт-офистеріне жүгінуі тиіс.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды