jasqazaq.kz

Астанада автобус жүргізушісі қайтыс болды

27 шiлде 2023, 16:32


Елордадағы қалалық автобус жүргізушісінің жол бойында денсаулығы күрт нашарлап, кейіннен ол ауруханада есін жимастан қайтыс болды. City Transportation Systems көлік компаниясының мәліметінше, бұл жағдай бүгін сағат 10:20-да Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы «Бейбітшілік» аялдамасы маңында болған.«1961 жылғы жүргізуші өз бағдарымен келе жатқанда есінен танған. Соның салдарынан автобус қоршау мен жарықтандыру бағанына соғылып, одан кейін жаяу жүргіншілерге арналған жолаққа шығып кеткен. Жүргізуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша оның жүрегі тоқтап қалған», — делінген аталған компания таратқан ақпаратта. Қайтыс болған жүргізуші жолаушылар көлігін жүргізіп 15 жылдан астам қызмет еткен. Рейске шығар алдында таңертең сағат 5:54-те медициналық тексеруден өткен. Оқиға салдарынан басқа адамдар зардап шеккен жоқ.

JQ-Aqparat

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды