jasqazaq.kz

Астанада ауыстырылатын 86 лифттің 23-і ­апатты жағдайда тұр

13 қазан 2017, 17:12

Жыл басынан бері астаналық бес тұрғын үй кешенінде лифтілер ауыстырылды. Жаңа лифттер қауіпсіздік нормасына толықтай сәйкес, –  деп хабарлайды Елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Жыл басынан бері Астанада өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында қайтарылған қаржыға бес көпқабатты үйдің 11 лифтісі ауыстырылды. Жаңа лифтілер Әуезова, 22 (3 лифт), Абай көшесі, 96 (2 лифт), Республика даңғылы, 37 (2 лифт), Жұмабаев көшесі, 11 (2 лифт), Петров көшесі, 32/2 (2 лифт) мекенжайындағы үйлерде пайда болды. «Лифтілер заманауи қауіпсіздік нормаларына сәйкес, онда қосымша жаңа опциялар орнатылған: ол жаңартылған кабина, сұйық-кристаллды панель, дауыстық хабарлама жүйесі, сымсыз диспетчер, тоқтату жүйесі жетілдірілген», — дейді Астана әкімдігінің медиа орталығына қалалық тұрғын үй инспекциясы басқармасының жанындағы «Өркен қала» ЖШС мамандандырылған өкілетті ұйымы. Бұдан басқа, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, астанада 86 лифтіні ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның 23 лифтісі — апатты жағдайда тұр. Қазіргі таңда 2018 жылға арналған өңірлік дамыту бағдарламасына көпқабатты үйлерді енгізудің тізімі жасалуда. Өз үйіндегі лифтіні ауыстырудың тізіміне қосу үшін пәтер иелерінің бастамашыл тобы мен қызмет көрсететін мекеме, қалалық тұрғын үй инспекциясы басқармасына баруына болады. 2011 жылдан бастап Астанада өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 56 жолаушы таситын лифт ауыстырылған.

 

ҚазАқпарат

 

 

 

27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже