jasqazaq.kz

Астана тұрғыны банк операторын балағаттағаны үшін өтемақы төлейді

20 қазан 2017, 11:43

Елорда тұрғыны банктердің бірінің операторын балағаттағаны үшін моральдық шығынды өтеуге міндеттелді, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Банк клиентін төрт штаттан тыс оператор сотқа берген.
Астана тұрғыны 2011 жылы банктен кредит алып, 2017 жылы ақпанда кезекті төлемін уақытылы төлемейді. Соған байланысты банк әйелдің телефонына дауыс хабарламасын қалдырып, қайта хабарласуды сұрайлы. Әйел банкке хабарласқанда, оған Д есімді оператор жауап берген.
Телефонмен сөйлесу барысында оператор әйелден құпия сөзді сұрайды. Клиент ол сөзді білмегендіктен, банк бөліміне келуді өтінген.

Әйел адам дауыс көтеріп, операторды балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтады.
Бірнеше минуттан соң тағы екі рет хабарласып, өзге операторларға да тіл тигізген.
Он бір күннен соң клиент қайта хабарласып, А есімді оператормен сөйлесіп, оны да балағаттайды.

Төрт арыз берушінің әрқайсысы елордалық әйелден моральдық шығын ретінде 20 мың теңге төлеуді талап етті. Сот олардың талабын жартылай қанағаттандырып, біреуіне 15 мың, екеуіне 10 мың теңгеден, төртіншісіне 5 мың теңге төлеуге міндеттеді.
Сот шешімі заңды күшіне енген.

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс