jasqazaq.kz

«Астана» командасы Тель-Авивке аттанды

31 қазан 2017, 11:44

«Астана» футбол клубының ойыншылары мен бапкерлер құрамы Израиль астанасы Тель-Авивке аттанды, деп хабарлайды Caravan.kz ақпаратт агенттігі ҚазАқапартқа сілтеме жасап.


Елордалық ұжым бейсенбі күні (Астана уақытымен 3 қараша, жұма, 00:00) УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінің 4-туры аясында жергілікті «Маккаби» командасына қарсы алаңға шығады. Ойын ел астанасынан 30 шақырымда орналасқан Нетания қаласындағы «Нетания» стадионында өтеді.
«Нетаниядағы» ойынға қатысатын футболшылар тізімі де жарияланды.
Қақпашылар: Ненад Эрич, Абылайхан Дүйсен, Александр Мокин; Қорғаушылар: Игорь Шитов, Марин Аничич, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Сергей Малый, Абзал Бейсебеков, Берік Шаихов;
Жартылай қорғаушылар: Срджан Граховац, Серікжан Мужиков, Иван Маевский, Марин Томасов, Асхат Тағыберген;
Шабуылшылар: Джуниор Кабананга, Патрик Твумаси, Джордже Деспотович, Владислав Прокопенко және Роман Муртазаев. Команда бүгін «Нетанияда» алғашқы жаттығу жұмыстарын өткізеді. Ал ертең ойын алдындағы жаттығу жұмысы мен баспасөз мәслихаты өтеді. Ойынды «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, трансляция 2 қараша, 23:50-де басталады.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы