jasqazaq.kz

Астана клубының екінші мәжілісі қарашада өтеді

25 қазан 2016, 15:50

estana

Әлемнің 20 елінен (Австрия, АҚШ, Ауғанстан, Бельгия, Германия, Жапония, Иран, Корея Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Сингапур, Тәжікстан, Түркия, Франция, Швейцария, Ұлыбритания, Үндістан) келетін дүниежүзіне танымал сарапшылар, саясат пен қоғам қайраткерлерінің мәжіліске қатысуы жоспарланып отыр.

Астана клубы мәжілісі аясында әлемдік саясат пен экономикаға ықпал ететін аса маңызды мәселелерді шешу жолдарын қарастыратын пікірталас алаңына айналады.

Ұлт Көшбасшысы — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының Әлемдік экономика және саясат институты сараптамалық баяндама дайындады. Онда өркендеудің негізгі бағыттары мен трендтері, Еуразиядағы шешуші ойыншылардың ұстанымы мен мүддесі қамтылған. Сонымен қатар мәжіліс шеңберінде Қазақстан мемлекеттік билік органдары мен іскерлік топтардың өкілдерімен кездесу өткізіледі.

Талқылау Chatham House үлгісінде жүреді. Мәжілістің жұмыс тілі – ағылшын, орыс және қытай тілдері.

Астана клубы — Ұлт Көшбасшысы — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының Қытай қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясы, Герман сыртқы саясат кеңесі, Ресей халықаралық істер кеңесі және Карнеги халықаралық бейбітшілік үшін қоры сияқты алдыңғы қатарлы зерттеу институттармен серіктестігі нәтижесінде құрылған халықаралық пікірталас алаңы. Астана клубының алғашқы отырысы 2015 жылғы қарашада өтті. Жиынға 15 елден 47 сарапшы қатысты. Басқосуда Еуразия геоэкономикасының өзекті мәселелері, жаһандық және аймақтық ойыншылардың мүддесі, экономикалық түйткілдер мен мүмкіндіктер жайы талқыланды.

 

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету