Апта сайын Астана аумағына тексеур жүргізетін елорда әкімі Әсет Исекешев қоғамдық көліктердің жұмысын бақылауға алды. Ол осы мақсатта қалалық № 64 автобуспен жүріп өтті. Әкім MAN маркалы автобустардың техникалық жағдайын тұрғындардың өтініші бойынша бақылауға алған деп хабарлайды Астана әкімінің баспасөзіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Сондай-ақ Исекешев Астана қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасының Күмісбеков көшесіндегі әрі қарай жалғасатын құрылысы туралы есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Оның ішінде тұрғын үй басқармасына Абай даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейінгі тротуарларды дер кезінде жөндеуді қамтамасыз ету үшін жасалған шараларды пысықтады.
Азаматтардың шағымы бойынша елорда әкімі Күмісбеков-Кубрин көшесінің қиылысына бағдаршам орнатуды тапсырды. Сонымен қатар, әкім № 60 мектеп-лицей маңайындағы қауіпсіздік шараларымен танысып шықты.