jasqazaq.kz

Астана әкімдігінде ер адамға зомбылық жасаған әйелдерге үкім шықты

28 тамыз 2022, 12:03

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде жиынға келген ер адамға қатысты бұзақылық жасаған әйелдерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық сотының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылғы 27 шілдеде сағат 10:00 шамасында Ш., О. және М. әкімдік ғимаратында қоғамдық тәртіпті дөрекілікпен бұзып, әкімдікке кеңеске келген жәбірленуші — бейтаныс М.есімді азаматқа зомбылық жасаған.

Сараптамаға сәйкес, олар М.-ның басын жарақаттап, екі қолын көгерткен. Тергеу дене жарақаттарын денсаулыққа жеңіл зиян келтіру ретінде бағалаған. Сонымен қатар айыпталушы әйелдер жолды бөгеп, азаматтар мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің ғимаратқа кіруіне кедергі келтірген.

Күдіктілердің іс-әрекеті бейнебақылау камераларындағы жазбалармен, сот-медицина сараптамасының қорытындысымен, жәбірленушілер мен куәлердің айғақтарымен расталған.

«Іс бойынша сотталған адамдардың жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сотталған адамдардың жас балаларының болуын сот жауаптылықты және жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Ш., О. және М. бұрын сотталмаған. Бұзақылық орташа ауырлықтағы қылмыс қатарына жатады», — делінген сот хабарламасында.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, аталған үш әйелге Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. П робациялық бақылау белгіленді. Сондай-ақ олар қоғамдық-саяси қызметпен, оның ішінде БАҚ пен телекоммуникация желілерін пайдалана отырып 3 жыл мерзімге қоғамдық-саяси қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті