Аслан Қаженов: Қазір қазақ тілді спорт порталдары дереккөзге айналды

19 қыркүйек, 12:40

Спорт десе делебесі қозатын, ішкен асын жерге қоятын халықпыз. Байрақты бәсеке, дүбірлі додадан демде хабар таратып, жаңалықтың жаршысы болып жүрген спорт журналистерінің, жалпы салалық журналистиканың әлеуеті қалай? Осы тақырып төңірегінде елге белгілі спорт журналисі Аслан Қаженовтің пікірін білген едік:

«Спорт журналистикасында жүргеніме 10 жылдан асыпты. 2012 жылы оқу бітіріп, Астанаға келдік. Мемлекеттік арнаға жұмысқа тұрдық. Содан бастап түгелдей болмаса да, осы спортты да жазып жүрдім. Бертін келе Амангелді Сейітхан ағамыз Алматыдан Астанаға ауысты. Сол кісімен сөйлесіп, ақылын тыңдап шәкірті болып кеттім десем артық айтқандық емес. Тәжірбиесімен бөлісті, білген-түйгеннін айтты. Сонымен түбегейлі осы салаға ауысуды жөн көрдім. Өйткені ұстаз бар, бағыт сілтейтін адам бар. Сондай кезде кішкене оңай болады және дұрыс. Әйтеуір, қайда бара жатқаныңды білесің. Спорт журналистері Қанат Пазылхан, Жандос Айтбайұлы, басқа да әріптестеріміз көп қой. Солардың қатарына қосылып, осы бағытты терең зерттеп, жаза бастадық.

Сол кез бен қазіргі уақытты салыстырса, әрине, айырмашылық көп. Қазір байқасаңыздар, қазақ тілді спорт журналистері өте белсенді. Қазақ тілді спорт порталдары, парақшалар және YouTube-арналар болсын, негізгі дереккөзге айналған. Бірінші ақпарат сонда шығады. Бұған дейін керісінше еді. Біз орыс тілді сайттардан аударатынбыз. Солар негізгі дереккөзі болатын. Қазір бізде белсенділік артты. Әлеуметтік желілерді өте белсенді пайдаланып жатырмыз. Қазір қазақ тілді спорт журналистері арасында да сала бойынша жазатындар көбейді. Мысалы, теннисті немесе тек футболды ғана жазатындар бар. Олимпиада бөлек, ұлттық спорт бөлек деген сияқты. Осындай өте жақсы қарқынмен дамып келе жатыр.

Біздің журналистердің деңгейі еуропалық әріптестерден әсте кем емес. Қастарыңда жүрейік, көрейік деп сұранатын жастар көп. Сосын өзіміз де білген, түйгенімізді айтамыз. Қазір сол қыз-жігіттер кәдімгідей белсенді. Материалдар жазады, осы салаға білек сыбана кірісіп кеткен. Күн өткен сайын көбейіп келе жатыр осы біздің қатарымыз.

Париждегі Олимпиада, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Азия ойындары, әлем чемпионаттарынан ақпарат тараттық. Технологиялық жағынан айтып тұрмын ғой. Біз әлемдік журналистерден қалысып жатқан жоқпыз. Жапония, Америка қалай жұмыс істейді, бәрін қарап жүремін. Спорт журналистикасында Ресейдің әлеуеті жоғары. Бірақ біздің қазақ тілді журналистер де қалыспайды. Бізде кішкене универсалды бағыт. Мысалы, мен өзім барамын, өзім түсіремін, өзім монтаждаймын. Әркімнің өз бағыты, стилі бар. Қазір неше түрлі камералар, микрафондар бар. Әлеуметтік желілер дамыған. Солардан қалмасаң болды. Олимпиададан кейін Елдос қаһарманға айналды. Назым Қызайбай да. Өйткені біз спортшыларымызды барынша насихаттап, танытып, көрсетіп жатырмыз. Бұған дейін олар жабық, тұйық болып келетін. Олардың ішіндегісін дөп басатын, ойындағысын жеткізетін спорт журналистері ғой. Осындай да бір рухани дүмпу болып жатыр қазір».

Дайындаған Асқарбек Қазанғап

Бүгін, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?