

Асқар Мырзахметов, Премьер-министрдің орынбасары, Ауылшаруашылық министрі:
Қырғызстанмен шекарадағы азық-түлік өнімдеріне байланысты тексеруден саяси астар іздеудің қажеті жоқ.
Бұл халықаралық ұйымдардың талап етіп отырған мәселесіне байланысты орын алып жатқан жағдай. Биыл Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тұңғыш рет аусыл вирусынан таза деген статусқа ие болды. Осыған байланысты біз экспортқа өнім шығаруға көптеген мүмкіндіктер алып отырмыз. Осы талаптарды ескере отырып, бізге келетін импорттық тауарларды да қатаң бақылауға алуға міндеттіміз.
Ал Қазақстан көкеністің көпшілігін өзінде шығаратындықтан азық-түлік бағасының қымбаттауына негіз жоқ. Сонымен қатар бізге импорттық азық-түлік өнімдері тек қана Қырғызстаннан ғана емес Өсбекстан, Тәжікстан сияқты басқа да елдерден келеді. Ал Қырғызстаннан келетін азық-түлік өнімдері импорттың көп мөлшерін алмайды.
Бейбіт Тоқтарбай