ҚазАқпарат -Зимбабвенің әскерилері елді 1980 жылдан бері басқарып келе жатқан республика президенті мен оның әйелі Грейсті қамауға алды.
Бұл жайлы сәрсенбі, 15 қараша күні әскери қызмет өкілдерінің мәлімдемесіне сілтеме жасаған Associated Press мәлім етті.
Бұған дейін әскер қаржы министрін тұтқындап, мемлекеттік телекомпания ғимаратын бақылауға алған болатын. 14 қараша күні кешке қаруланған әскерлер Зимбабве астанасы Харареде маңызды позицияда тұрды. Зимбабве әскері қалыптасқан жағдайды «қан төгіссіз түзетуге» балап, әскери төңкеріс деп атаудан бас тартты.
Олардың айтуынша, мемлекет басшысы мен оның отбасына төнген қауіп жоқ. Әскери қызмет өкілдері республика азаматтарын «ел игілігі үшін әскери қызметкерлермен бірлесе қызмет етуге» шақырды.