jasqazaq.kz

Асхат Аймағамбетов: Мұғалім мәртебесі өте өзекті мәселе

20 ақпан 2018, 11:00


Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі отырысында Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мұғалім мамандығының беделін арттыру өзекті мәселе екенін айтып, оны шешу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қазіргі таңда мұғалім мәртебесіне байланысты мәселе өте өзекті болып отыр. Себебі жалпы қоғамның, адами капиталдың дамуы мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Сондықтан да бүгін Мәжілістің қабырғасында өте өзекті мәселені депутаттар көтеріп отырғанына алғыс айтқымыз келеді. Көп мәселе талқыланып, тиісті шешімдер қабылданады деп ойлаймыз», — деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында министрлікке міндеттелген тапсырмалар орындалып жатыр.

«Соның ішінде мұғалімдерге қатысты жалақының өсу мәселесі тікелей тапсырма болып беріліп, осы тапырма іске асырылып жатыр. Жаңартылған мазмұнға көшкен мұғалімдер жалақысы 30 пайызға, жалпы өзінің біліктілігіне байланысты жалақысы 30-дан 50 пайызға дейін көтерілейін деп жатыр. Үкімет тарапынан тиісті нормативті құжаттарға қол қойылып, шешім қабылданып іске асырылып жатыр», — деді вице-министр.

 

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды