jasqazaq.kz

«Ашаршылық» тарихи драмасындағы рөлдердің бірін голливуд жұлдызы сомдауы мүмкін

09 қараша 2017, 15:24

Қазақстанда түсіру жұмыстары қараша айында басталады деп жоспарланған «Ашаршылық» тарихи драмасындағы рөлдердің біріне голливуд жұлдызы, «Оскар» сыйлығының иегері Роберт Де Нироны шақыру көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

— Марина, қыркүйек айында «Ашаршылық» драмасының түсіруге қазақстандықтардан 38 млн теңге жиналу керектігін айтқансыздар. Краудфандинг қалай жүріп жатыр, қажетті сома жиналды ма?

— Краудфандинг жүріп жатыр, бірақ біз ойлағандай емес. Ал, еуропалық демеушілеріміз керісінше белсенді. Еуропалық кино қоры бізге фильмдегі рөлдердің біріне АҚШ актері Роберт де Нироны шақыру туралы ұсыныс жасады. Еуропалық тараптан бізде еш қиындық жоқ.

Роберт Де Нироға қандай рөл берілмек?

— Бұл мәселені әлі де талқылау үстіндеміз, себебі біздің бюджетіміз өте аз. Роберт Де Нироны жобаға тарту үшін бізге екі міндет қойылды. Оның бірі — актердің рөліне байланысты сценарийді қайта жазып шығу. Екіншісі, қазақстандық тараптың қаржылық шығынның жартысын жабуы қажет болып тұр. Еуропалықтар ортақ жоба болғандықтан қазақстандықтардың да белсендірек болғанын қалайды.

— Фильмді түсіру жұмыстары қараша айында басталады деп жоспарланған еді, нақты шаралар басталды ма?

— Жалпы, фильм бойынша алға жылжу бар. Роберт Де Нироның рөліне байланысты сценарийді қазір қайта қарап жатырмын, алдағы бір-екі апта ішінде нақты белгілі болады.

— Уақыт бөліп сұхбаттасқаныңызға рахмет.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың қыркүйек айының 14-інде «MG production» кинокомпаниясы «Старт тайм» краудфандинг платформасымен бірлесе отырып, «Ашаршылық» тарихи драмасын түсіру жұмыстарын бастайтынын мәлім еткен болатын. Фильм 1931-1933 жылдар аралығында қазақ халқының басынан өткен ашаршылық тақырыбына арналған.

«Бұл фильмді түсіруге 1 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат қажет. Ол қаражаттың жартысын еуропалық кино қоры бергелі отыр. «MG production» кинокомпаниясы да өз күшін, техникалық мүмкіндігін береді. Ал, халықтан, краудфандинг арқылы қажет соманың 10 пайызын ғана жинамақпыз. Нақтырақ айтқанда, біз халықтан 38 млн теңге жинау қажет. Қаржы жинау акциясы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. 38 мың қазақстандық 1 000 теңгеден көмектессе, сол қаржыны жинай аламыз. Бұл — үлкен асар. Тарихымыз үшін барлығымыз бірігіп көмектесейік. Көмектескен қазақстандыққа цифрлық форматтағы диск беріледі», — деген болатын «Старт тайм» краудфандинг платформасының жобалар бойынша директоры Әзиза Өтегенова. Түсіру тобының айтуынша, фильм 2017 жылдың қараша айында басталып, 2018 жылдың ақпан айында аяқталады. 2018 жылдың күзінде әлемдік прокатқа шығады. Фильмнің ұзақтығы — 103 минут. Айта кетейік, Қазақстанда алғаш рет краудфандинг арқылы «Қазақ елі» тарихи киносына қаражат жинау жүргізілген болатын. Онда қазақстандықтар 1,3 млн теңге жинаған болатын.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы