jasqazaq.kz

Аша Матай сұхбатын 1000 долларға сатпақшы

31 қазан 2017, 10:56

Отандық өнер жұлдыздары соңғы кезде эксклюзивті сұқбаттарын журналистерге сатуға қарсы еместіктерін ашық білдіріп жүр. НТК арнасының «Ревю ньюс» бағдарламасында олар тіпті сұқбаттарының бағасын да айтты, деп хабарлайды nur.kz.

«Егер сататын болсақ, мың доллардан кем түспес», — деді Аша.

Ал режиссер, клипмейкер Жеңісхан Момышев камера алдында жүретін БАҚ өкілдерінен ақша сұрап, сұқбатын сатуға мүлдем қарсы.

«Сіздер де, сіздің артыңызда тұрған камера адамы біз сияқты адамдар, творчестволық адамдар. Сондықтан, ол ақша сұрайтындай бизнес емес. Мұны дұрыс емес деп есептеймін. Мен өзім мүлде ақша сұрамаймын»,- дейді ол.

Жеңісханмен бірге кино саласының қазанында қайнап жүрген Гүлназ Жоланова эксклюзивті сұхбатының бағасын төбеден алып қоя салмайтынын айтты. Актриса мұндайда нарыққа қарап бой түземек.

«Егер ондай мүмкіндік болып жатса, нарықтағы бағаға қарап болжамды жауап айтармын. Енді екі мың, үш мың доллардың көлемінде болуы мүмкін»,- дейді ол.

Ал, мистерионстық Арман Қоңырбаев сұхбатты саудалау үшін ең алдымен өнерің мықты болу керек деген пікірде.

«Ол жағын енді ойлап көрмедім. Әрине мен өзімді биік бағалаймын. Егер де, ондай болып жатса қымбаттың қатарында болатын шығармыз. Енді ол дәрежеге өнер де өсу керек, бәрі өсу керек»,- деп ағынан жарылды ол.

Еске салсақ, Қайрат Нұртастың жары эксклюзивті сұхбатын $50000 бағалағанын отандық сайттардың бірі жазған еді. Кейіннен бұл ақпаратты әншінің продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова жоққа шығарған.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы