Қарыз төленбесе, кәріз құлыпталады

18 сәуiр 2016, 14:07
Алматыда коммуналдық мекеме қарызы қордаланған абоненттердің кәріз құбырын бітеп жатыр. Дәретхана мен жуынды қалдық судан шыққан жағымсыз иістен құтылудың жалғыз жолы — коммуналдық төлемдерді уақытылы жасау. Бірақ қолданған қызметтің ақысын қайтарғысы келмейтіндер саны азаяр емес. Бұл туралы Алматы телеарнасының тілшісі хабарлады.
Бұрын бір борышкер үшін бүкіл үйдің су жүйесі тоқтатылмайтынын білген тұтынушы қарызын төлемей жүре беретін. Коммуналдық қызмет мамандары енді берешегі барлардың соңынан жүгірмейді. Қарызды қайтартудың тиімді жолы — борышкер пәтерін арнайы құрылғымен дәл тауып, тығындап тастау.
«Бітеуішті салып, құбырмен түсіреміз. 12 пәтер, 4 қабатта орналасқан. Монитор арқылы қабатты көріп отырамыз»,- деді  слесарь Мәулен АНДАСОВ.
Қарызы бар пәтердің дәретхана немесе өзге де лас су ағатын құбырын тығындау қиын емес. Шағын камерамен қарап, құбыр жолын бітеу ары кеткенде 20 минуттың жұмысы. Ол үшін пәтерге кірудің де қажеті жоқ. Шатырдың үстіне шығу жеткілікті. Бір тұтынушының құбыры бітелгендіктен, төлемді дер кезінде өтейтін үйдің өзге тұрғындары зардап шекпейді.
«Құбыры бітелген 10 пәтердің тоғызы сол күні бірден хабарласып, жылдар бойы жиналған қарызын жылдам төлейді. Бірақ бізде құбырды қайта қосу тек жұма күні ғана жүргізіледі. Сондықтан басқа күндері орталықтан ажыратылған пәтердің тұрғындарына жұмаға дейін шыдауға тура келеді»,- деді «Тоспа су» МКК ішкі бақылау қызметінің жетекшісі Серік ШӘГІРОВ.
Алматыда қалдық судың бір текше метрі үшін тұтынушылар бар болғаны 28 теңге төлейді. Орташа есеппен әр пәтер айына 150-200 теңгеден төлеуге тиіс. Бірақ тұтынушылардың барлығы бірдей жауапты емес. Сондықтан қордаланған қарыз сомасы мыңдаған теңгеге жетіп жатыр. Бүгінде көпқабатты үйлер тұрғындарының таза су үшін берешегі -72 миллион теңгеге жетсе, кәріз қызметі үшін  45 миллион теңге берешек.
 
«Бір рет өшірсек, ол ақысыз. Ал екінші рет өшірсек, қайта қосу құны жиырма мың теңгеге дейін барады. Сондықтан айына шығатын 150 теңгеге бола жиырма мың теңге төлеудің қажеті жоқ. Оған жеткізбей ай сайын коммуналдық төлемдерді жасап тұрыңыздар дер едім»,- деді «Алматы су холдингі» МКК қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Ақбота ЖЫЛЫСОВА.
Қазір қала көлемінде үш бригада қарызы барлардың кәріз құбырын бітеумен айналысып жатыр. Дәл осындай тәсілмен бірнеше коммерциялық мекемелер де өшіріледі. Соңғы уақытта 875 пәтердің құбыры тығындалса, қолқаны қабар иіске шыдамаған 613 үйдің иесі берешектерін бірден төлеген.

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды