«Artsport» жобасын майлы жілікке айналдырғандар сотталды

20 шiлде 2023, 15:48

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2022 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасында 2021-2022 жылдары іске асырылған «Artsport» жобасының жемқорлық фактілері туралы мәліметтерді жария еткен.

«Үйірмелер мен секцияларды мемлекеттен қаржыландыру жолымен бұқаралық балалар спорты мен шығармашылығын дамытуға бағытталған «Artsport» жобасы шеңберінде анықталған сыбайлас жемқорлық схемалары қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Жан басына шаққандағы қаржыландыруға шамамен 43 млрд теңге бөлінді (2021 жылы – 5,8 млрд теңге, 2022 жылы – 37 млрд теңге). Бағдарлама іске асырылған қысқа мерзімнің ішінде 11 адамға қатысты 19 қылмыстық іс тіркелді. 6 адамның ісі сотқа беріліп, оның 4-еуі сотталды», — деп жазады агенттік мамандары.
Агенттік мәліметі бойынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бағдарламаға бөлінген қаражатты игерудің барлық кезеңінде анықталған.
«Бюджеттің мерзімінен бұрын игерілуіне байланысты жоба екі рет тоқтап қалды.
Сондай-ақ «ArtSport» электрондық платформасында құжаттарды беру және сабаққа қатысуды есепке алуды цифрландырудың жеткіліксіздігі анықталды. Жүйенің шалағайлығы «өмірде жоқ» жандарды енгізуге мүмкіндік бергендігі» жазылған баяндамада.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды