jasqazaq.kz

Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді

25 қараша 2024, 14:24

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов арнайы алимент қорын құру туралы ұсынысын біраз уақыттан бері айтып келеді. Жуырда ол Үкіметке депутаттық сауал жолдап, мынадай мәлімет келтірді: биылғы ақпан айында алимент қарызы 21 млрд теңге болса, қарашада, яғни 9 айдың ішінде 43 млрд теңгеге жеткен. Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының дерегінше, жарты миллионнан астам бала алиментке мұқтаж. Осыған орай Магеррамов арнайы алимент қорын құруды ұсынады. Айталық, алимент үш ай кешіктірілсе, қордан төленеді. Мемлекет кейін ол соманы қашқын әкеден өндіріп алады.

Бұл логиканы түсіну қиын. Арнайы қор құру, қордан аударым жасау, оны қайтадан өндіріп алу, басқа ресурстарды айтпағанда, қосымша қаржыны қажет етпей ме? Айналып келгенде, бұл қашқын әкелердің міндетін мемлекет мойнына іліп қойғаннан басқа ештеңе емес.

Өндіріп алу демекші, соңғы жылдары алименттен жалтарғандардың жағдайы мүшкіл. Туған баласынан жылдар бойы қашып жүрген әкелердің мәшинесін, не басқа мүлкін сатқызып, миллиондаған теңге алимент төлеткені туралы ақпарат жиі жарияланады. Бұрынғы шенеунік, танымал блогерлер де жылдар бойы «жинаған» қарызын түптің түбінде төлейді. Жұмыс істемейтіндердің қолына күрек ұстатып, жалақысынан кесіп беретіні тағы бар. Қысқасы, алимент төлегісі келмейтіндер заң құрығынан қашып құтыла алмайды.

Сондықтан Үкімет мұндай қордың қажеті жоқ деп санайды.

Олжас Бектенов өз жауабында: «Олар мемлекет қайтсе де балаларды қамқорлығына алатынына сенімді болады. Бұл әдейілеп ажырасуға түрткі болуы мүмкін», — деді. Оның үстіне мұндай құрылым мемлекет бюджетінен қосымша қаржы құюды қажет етеді. Салыққа жатпайтын түсімдер аударылатын қор құру республикалық бюджеттің табыс бөлігін қысқартуға әкеп соқтырады.
Премьер-Министр кәмелетке толмаған балалардың мүддесін қорғау, оларды тиісінше қамтамасыз ету, сондай-ақ алимент өндіру мәселесі Үкіметтің бақылауында екенін атап көрсетті.

Наргүл Мырзахмет

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды