jasqazaq.kz

Армения мен Әзербайжан шекарасындағы қақтығыс: 49 әскери қызметші қаза тапқан

13 қыркүйек 2022, 15:14

Әзірбайжан қарулы күштерімен түнгі қақтығыс кезінде Арменияның 49 әскери қызметшісі қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Арменияға сілтеме жасап.

Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді.

«Қазір Арменияның Қорғаныс министрлігі тарапынан 49 әскери қызметкер қаза тапқаны нақтыланды. Бірақ бұл соңғы көрсеткіш емес, ақпаратты нақтылау қажет», — деді Пашинян республика парламентінде сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, қазір шайқастардың қарқындылығы бәсеңдеген. Министрлер кабинетінің басшысы Бас штаб пен Қорғаныс министрлігі жағдай мен қаза тапқандар санын бағалап жатқанын және расталған ақпаратты хабарлайтынын атап өтті.

«Қазір бір-екі бағыт бойынша Әзірбайжан тарапының шабуылы жалғасып жатыр», — деді ол.

Еске салайық, 13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзербайжан шекарасында қақтығыс басталған еді. Екі елдің қорғаныс министрліктері қарама-қайшы ақпарат таратып жатыр.

Армения Қорғаныс министрлігі Әзірбайжан Қарулы күштерінің артиллерия мен ұшқышсыз ұшақтар арқылы Армения территориясын атқылай бастағанын мәлімдеді. Ал Әзірбайжан қорғаныс министрлігі армян әскері ауқымды арандатушылық жасады деп айыптады.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті