jasqazaq.kz

Арман алға жетелейді

31 тамыз 2022, 12:06

Бәріне ортақ журналистика
Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы

Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибе жинап, журналистика жанрларын тәп-тәуір меңгерді. Орал қаласынан курсқа онлайн қатысып жүрген Жанерке Төлегеннің мөлтек сырларынан көп жайтты аңғаруға болады. «Арман алға жетелейді» дейді Жанерке. «Сыйын маған, Ей, өмір, сыйын маған, сыйымды алам мен сенен бұйырмаған», — деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, әрбір адамның өмірден алар сыйы да мол, несібесі де жетерлік, тек арманы алға жетелесе болғаны. Жанеркенің жұдырықтай ғана жүрегінен шыққан жазбасы да осы ойға бастайды.

Адам баласы өмірге армандау үшін келеді десем қателеспеймін. «Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға», — деп Мұхтар Шаханов атамыз айтқан. Адам баласында арман деген көп қой. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деген керемет сөз бар емес пе? Сол секілді әр адамда арман бар. Әр адам, әр түрлі армандайды. Кейбір адамдар жәй ғана армандап, еш әрекетсіз армандар орындалмайды дейді. Бұл қате! Армандар орындалады, ол үшін адамға ең бірінші сенім керек. Одан кейін адам алдына айқын мақсат қоя білуі шарт. Мен армандар орындалатынына бала кезімнен сенемін, қазір де сенемін, қазір де армандаймын. Армандарым орындалу үшін, алдыма үлкен мақсат қойдым және оған жету үшін, қазірден бастап қадам жасап келемін.

Біреу айтты «ұл арманың бекер» деп,

Біреу айтты «қиялдама жетер!»деп.

Көп ойланып мен өзіме серт бердім,

Арманыма өз күшіммен жетем деп.

Біздің арманымыздың орындалмауына өзгелердің ой-пікірі кедергі болуы мүмкін. Ондай жағдай болмас үшін мақсатымыз айқын болу керек сонда бізді ешкім тоқтата алмайды. Біз тек қана армандап, бір орында тоқтап қалмаумыз қажет. Менің қазіргі арманым — оқып жатқан оқуымды үздік дипломмен аяқтап, білікті маман атану. Ащы болса да шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болып, маған сеніп, мені қолдаған отбасымның үмітін ақтағым келеді. Және бұл арманым — Алланың қалауымен орындалатынына сенемін. Алайда менің бұл арманыма жету үшін әлде де тынымсыз ізденіс, талпыныс, жігерлік, жақындарымның қолдауы қажет.

Қиял кезіп арман елін мекендеп ,

Тілеп жүрем арманыма жетем деп.

Әлемдегі бар байлығым үйдегі,

Анамды бақытты жан етем деп.

Ой жеткен жерге қол жетер.
Армандар орындалады деп
Абай атамыз айтқандай, біз не ойласақ, соған қол жеткізе аламыз.
Біз жетістіктерге жай ғана жете салмаймыз, біздің жолымызда түрлі қиындықтар болады. Біз оған шыдап жеңе білу міндетіміз саналмақ. Сенім, мақсат, арман болса алынбайтын қамал жоқ. Біз өзіміздің арманымызды биік шыңға теңесек, оның аспанмен тірескен ұшына жетпейінше, тоқтамай ұмтылу ләзім. Кім біледі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?! Мен бұл арманымды міндетті түрде орындаймын!
Қай арманыма қолым жетіп, қай арман мені өмір бойы жетелейтінін білмеймін. Бірақ бір білетінім – арманымның орындалуы өз қолымда. Ол үшін жақсы оқып, алға ұмтылу керек. Бір орында қимылсыз қалған адамның арманы түгіл, ісі де алға баспайды. Сондықтан, менің өмірлік ұстанымым – алға қарай ұмытылып, көздеген мақсатыма жету.
Арман алға жетелейді!

Жанерке Төлеген,
І топтағы мүмкіндігі шектеулі жан,
Орал қаласы

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен