jasqazaq.kz

Қарияны қан қақсатқан алаяқтар құрықталды

05 желтоқсан 2016, 22:09

kart-anaАқмола облысында зейнеткердің 1,5 миллион теңгеге жуық ақшасын қолды қылған алаяқтар тобы құрықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Полицейлердің мәліметі бойынша, 2016 жылдың 30 қарашасында Шортанды аудандық ІІБ полицейлері телефон арқылы алаяқтық жасаған күдіктілерді қолға түсірді.  Күдіктілер — Степногор қаласының тұрғындары. Бұл жолы ұйымдасқан топ Шортанды кентінің тұрғыны, 60 жастағы зейнеткерге телефон арқылы қоңырау шалып, ұлының біреуді көлікпен қағып кеткенін айтқан. Жасамаған қылмыстық істен құтылуы үшін   1 360 960 теңге көлемінде ақша сұраған. Телефон тұтқасының арғы жағында баласынікіне ұқсас дауысты естіген зейнеткер көп ойланбастан алаяқтарға сұраған ақшасын қолдарына ұстата салған. Кейін полицейлер анықтағандай сол кезде қарияның баласы Астанада болған жəне ешкімді де көлікпен қақпаған.  Жедел іздестіру шарасы барысында полицейлер жергілікті такси жүргізушісі арқылы күдіктілердің ізіне түсіп, қолға түсірді. Тергеу амалдары кезінде алданған зейнеткер олардың бірін  таныды.  Қазіргі кезде, күдіктілер Шортанды аудандық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, үстерінен ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлімі «алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету