Араларында үйі бар әйелдер жүр

19 маусым 2020, 11:54

Былтырдан бері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында рұқсат етілмеген митингіге негізінен әйелдер қауымы шығып жүр. Әлеуметтік желіде әйелдерін көшеге шығарып, өздері үйінде бұғып қалатын еркектер туралы әртүрлі әңгіме тарауда. Қазақы ұғыммен қарасаңыз да, бұл біздің түсінігімізге томпақтау келетіндей. Қай заманда, қай қазақты көрдіңіз, әйелін соғысқа жіберіп, өзі үйінде қалған? Екіншіден, ереуілге шыққан сол әйелдердің бәрі дерлік баспанасыз, көпбалалы ана ма? Осындай басы ашылмаған сауалдарды біз Нұр-Сұлтан қаласында ереуілші аналардың мәселесімен тікелей айналысатын шаһар басшысының кеңесшісі, саясаттанушы Дәурен Бабамұратқа қойып көрдік.

Jas qazaq: Дәурен мырза, өткен аптада Нұр-Сұлтанда бірнеше әйел аштық жариялап, митингіге шықты. Сіз олардың бәрімен кездескеніңізді, бәрімен таныс екеніңізді айттыңыз. Тіпті кейбіреуін 13-14 рет қабылдапсыз. Сонда олардың қандай мәселесі шешімін таппай жатыр?

Д.Бабамұрат: Негізгі мәселе – баспана. Өзіңіз білесіз, былтыр, «Көпбалалы аналар» категориясы жеке үй кезегіне тұру мүмкіндігін алды. Көпшілік аналар сәйкесінше үй кезегіне 2019-2020 жылдары тұрған, соның ішінде өткен аптада митингіге шыққан аналар да бар. Бірақ бір нәрсені түсіну керек. Баспана тек қана кезекпен беріледі. Нұр-Сұлтан қаласында 46000-нан аса азамат әртүрлі санатта жеке үй кезегінде тұр. Оның ішінде 10-12 жылдан бері тұрып, әлі пәтер алмағандар бар. Мемлекет ол кезектен аттап, кейін кезекке тұрған азаматтарға үй бере алмайды. Бұл әділдікке де, заңға да қайшы.

Мен шынымен бұл аналардың бәрін дерлік танимын, әрқайсысымен жеке де, топпен де талай кездестік (әкімшілік ғимаратында). Көпшілігінің баспанадан басқа да түйткілдерін шешуге ат салыстық. Көбі осы жылдың ақпан айында қала әкімінің жеке қабылдауында болған. Бәрі дерлік көпбалалы аналар.

Jasqazaq: Әлеуметтік желіде жазылып жатқан және бізге жеткен кейбір ақпараттарға қарағанда, араларында тұрмысқа шықпаған қыздар, астында көлігі, басында үй-жайы бар әйелдер де бар көрінеді. Осы қаншалықты рас ақпарат?

Д.Бабамұрат: Сол екі күн митингіде болған азаматшалардың бәрі дерлік көпбалалы аналар. Иә, шынында да, былтыр әртүрлі мемлекеттік бағдарламалармен үй алған да аналар болды арасында. Тұрмысқа шықпаған қыздардың болғанынан хабарым жоқ. Менің білуімше, бәрі дерлік отбасылы әйелдер. Ал жеке көлік, не болмаса тағы басқа мүліктеріне қатысты ештеңе айта алмаймын. Менде ондай ақпарат жоқ. Әлеуметтік желіде кім не жазбайды?

Jas qazaq: Митингіге шығатындардың тұрақты топ екені, олардың әлдебіреулерден ай сайын 220-300 мың теңгеге дейін «айлық» алып тұратыны жазылып жатыр. Әкімнің кеңесшісі ретінде емес, саясаттанушы ретінде айтыңызшы, бізге әзірге беймәлімдеу саяси ойындарда мұндай технология әлемде бұрыннан бар деседі. Бұл сол ойынның бір көрінісі емес пе?

Д.Бабамұрат: Жоқ, аналардың көпшілігін танимын, күнара келетіндері бар, басым бөлігі саяси ойындардан аулақ. Олар көбінесе тұрмыстық тақырыптармен келеді. Бірақ арандап қалу қаупі жоқ емес. Оны өздеріне де жиі айтамын. Кейде кейбірін беймәлім чаттарға қосып, арандату мақсатында заңсыз әрекеттерге итермелеп жатқан жағдайлар туралы өздері де айтып жатады. Қала әкімдігі есігін қағып келген әрбір азаматты тыңдап, оның мұң-мұқтаждығына қатысты заң аясында көмек беруге дайын. Бірақ заң бұзылып, заңға қайшы әрекет орын алған жағдайда әкімшілік дәрменсіз. Одан кейінгі шаруа құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты.

Jas qazaq: Әйелдерін «алдыңғы шепке» жіберіп, өздері бұғып жататын еркектер кімдер? Жұмыс істей ме, әлде көпбалалы ана ретінде әйелі алатын әлеуметтік көмектің тиын-тебенін ішіп-жеп үйлерінде жата ма?

Д.Бабамұрат: Бұл аналар үшін де, біз үшін де ең ауыр сұрақ. Кейбір көпбалалы аналар жалғызбасты, бұрынғы күйеулері не алимент төлемейді, не бала бағыспайды немесе қайтыс болған.

Заңсыз митинг болған соң, ол жердегі болып жатқан дүние блогерге де, журналистке де, қарапайым адамға да қызық. Жағдайдан хайп жасап, тырнақ астынан кір іздейтіндер де жоқ емес. Сол кезде барлық сұрақ қоюшы, осы аналардың ер-азаматын сұрайды. Әдетте, алдымызға өз мәселесімен келген адамнан біз «күйеуіңіз бар ма?» деп қана сұраймыз. Ары қарай тергеуге біздің құқығымыз жоқ. Әркім өзі үшін өзі жауапты.

Жарас КЕМЕЛЖАН

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген