jasqazaq.kz

Әр қазақстандық банкке 400 мың теңгеден аса қарыз

20 қараша 2017, 16:55

Әрбір жұмыс істейтін қазақстандық орташа тұтынушылық кредит бойынша 400 мың теңгеден аса қарыз, деп хабарлайды Ranking.kz сайтына сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

«Әрбір жұмыс істейтін қазақстандық орташа тұтынушылық кредит бойынша банктерге 447 мың теңгеден қарыз. Кредитті Алматы тұрғындары едәуір көп алған. Жыл ішінде бөлшек тұтынушылық кредит нарығы 15%-ға өсті», — деп жазылған жарияланған ақпаратта.
Мәліметке сүйенсек, 2017 жылдың қыркүйегінің соңына қарай жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық кредиттер 2,9 триллион теңгені құрады. Бір жылда 14,9% немесе 372 миллиард теңгеге өскен.

Республикамыздың барлық 16 өңірінде тұтынушылық кредиттер көлемі артты. Жылдық өсім бойынша Алматы көш бастап тұр — мегаполисте бұл көрсеткіш 83,6 миллиард теңгеге артып, 1,1 триллион теңгеге жетті.
Тұтынушылық кредиттер бойынша да Алматы бірінші орында. Одан кейін Қарағанды облысы келеді — бір жылда 32,1 миллиард теңгеге өскен. Жылдық өсімнен Астана үшінші орынды иеленген.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті