Әнші Say Mo қырғызды неге шулатты

19 шiлде 2023, 14:49

Қырғызстанда 15 шілде күні қазақстандық әнші Say Mo қатысуымен концерт өтуі керек болған. Алайда қазақстандық әнші сахнада өнер көрсетуден бас тартып, шараға жиналған көрермендер билеттің ақшасын қайтаруды талап етуде, — деп жазды қырғызстандық сайт. Шараға қатысушының бірінің мәлімдеуінше, 15 шілде күні Ыстықкөл жағалауында концерт өтуі керек болған. Концерттің басты қонағы қазақстандық орындаушы Say Mo болатыны және Дубайға екі адамға жолдама ойнатылатынын хабарланған.
Сайт мәліметінше, қырғызстандықтар бір билет үшін 3 мыңнан 8 мың сомға дейін, яғни 15 мыңнан 40 мың теңгеге дейін төлеген. Концертке қатысушының бірінің айтуынша, уәде етілген концерттік шара толық болмаған. «Сол кеште Say Mo өнер көрсетпеді, жолдама ойнатылмады. Біз 3 мың сомнан төрт билет және 6 мың сомға бір билет алдық. Билеттің бәрін Say Mo үшін сатып алған едік. Адамдар Бішкек пен Оштан келді. Ұйымдастырушылар сусындар мен анимациялық шоу және от шашу уәде етті. Алайда олар да концерт барысында орындалған жоқ. Ұйымдастырушылар кеш соңында барлық жарықты өшіріп, қашып кетті. Бұл халықаралық деңгейдегі алаяқтық. Концертті екі ай бойы жарнамалаған еді», — деді бойжеткен. Сонымен қатар бойжеткен ұйымдастырушылардың билет құнының тек 10 пайызын қайтаруға уәде бергенін атап өтті. «Уәде етілген ұйымдастырудың тек 30 пайызы орындалғандықтан, біз билет құнының 50 пайызын қайтаруды талап етеміз. Біраз бізге Шолпан-Атаға барып арыз жазу керектігін айтты. Мұның қандай шығын екенін түсінесіз бе?», — деді бойжеткен. Ал қазақстандық әнші Say Mo әлеуметтік желіде сахнаға шықпауына ұйымдастырушылардың гонорарды толық төлемеуі себеп болғанын атап өтті. «Ыстықкөлдегі шарада өнер көрсетпеймін. Біріншіден, ұйымдастырушылар гонорардың қалған бөлігін төлемеді. Тегін немесе жартылай төленген гонорарға өнер көрсетпеймін. Екіншіден, тұрмыстық рейдер талаптары (орындаушының іс-шараны ұйымдастырушыларға қоятын талаптары, оның ішінде тамақтану, күзет, көлік — ред.) орындалмады. Нашар ұйымдастырушыларға тап болдым. Олар тіпті қонақ үй ақысын төлемеді», — деп түсіндірді әнші.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды