jasqazaq.kz

Әнел отадан кейінгі жағдайын айтып берді

20 ақпан 2018, 13:01

Атыраулық қос ғашық Марлен мен Әнел үлкен сынақтан өтті. Бірін-бірі жеті жылдан бері аялап келген жарасымды жұп тағдырдың сынағына тағы да төтеп берді. Бірнеше күн бұрын Әнел күрделі отадан аман-есен шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында ғашықтар Instagram парақшаларында жариялады.

«Қалайсыздар? Телефон ұстамайтындықтан, тілектеріңізді жеткізіп жатыр. Үлкен рахмет! Отаға келетін болсақ, сәтті өтті. Бірақ, тігіс өте үлкен. Қазір аурухана палатасына ауыстым. Ең жаманы, отадан соң сол қолым жасамай қалды. Қазір анам, сіңлім мен Марлен маған көмек көрсетуде», — деген ару өз жағдайынан хабар берді.
Сондай-ақ, ол қиын сәтте демеу болып жүрген сүйіктісі Марленге алғысын білдірді.

«Жаным, бәрі үшін рахмет! Білемін, саған да оңай емес. Бірақ біз бәрін жеңіп шығамыз! Бізге қолдау білдіргендер қаншама?! Сол кісілер үшін жеңілмеуіміз керек! Дертті жіберген Алла, оның емдеу жолын да жібереді ғой», — деп жазды.
Ал оқырмандар болса, «Алла шипасын берсін», «Сені көріп бір жылап алдым-ау», «Әлі-ақ жақсы болып кетесің» деп жылы лебіздерін білдірді.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды