jasqazaq.kz

Аңдамай сөйлесең, ауырмай ақша төлейсің

10 қантар 2025, 15:56

Адам көп шоғырланатын жерлерде дөрекілік көрсететіндер көбейген. Аузына келгенін айтып, көпшіліктің мазасын алатындарға заң шеңберінде жауапкершілік күшейтілді. Ресми деректерге сүйенсек, биылдың өзінде Астана қаласында қоғамдық тәртіпті бұзғандарға қатысты 2268 іс қозғалған.
Заңгер Бағдат Амандосұлының айтуынша, қоғамдық орындарда балағат сөз айтып, тәртіп бұзушыларға қатысты нақты шаралар қабылданады:
»Нақты балағат сөз деп дәлелдеу үшін арнайы сараптамалар жүргізіледі. Кейбір сөздер әдеби шығармаларда кездесуі мүмкін болғандықтан, бұл жерде филолог мамандарының көмегі қажет. Олар айтылған сөздердің балағатқа жататынын немесе жатпайтынын анықтап береді. Егер әрекет заңбұзушылық деп танылса, кінәлі тұлға 78 640 теңге айыппұл төлейді немесе 5 тәуліктен 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.»- дейді заңгер.
Егер сізге біреу әдепсіз сөз айтып, мазаны алса, бұл жағдайды дәлелдеу маңызды. Дәлел ретінде ғимараттағы бейнебақылау камераларының жазбаларын немесе жеке телефоныңыздағы видеоны пайдалана аласыз. Бұл деректерді полицияға тапсырып, құқық қорғау органдарының көмегімен өз құқығыңызды қорғай аласыз.
Мысалы, АҚШ-тың кейбір штаттарында да қоғамдық орындарда әдепсіз сөз айту ауыр заң бұзушылық болып есептеледі. Вирджиния штатында мұндай әрекеттер үшін 200 доллардан бастап айыппұл салынса, Вашингтонда бұл сома 250 доллардан асады. Аустралияда аңдамай сөйлегендер 600 долларынан айрылады, ал Мэриленд штатында мұндай тәртіп бұзушылар сот алдында жауап береді.
Дөрекілікке дөрекілікпен жауап беру – жағдайды ушықтыратын қадам. Ашуға қанша булықсаңыз да, сабырлылық таныту – ең тиімді шешім. Өйткені, әдепсіздік адамдар арасындағы қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп қана қоймай, өзіңізге де кері әсерін тигізуі мүмкін.
Халық даналығында: «Сөз сүйектен өтеді», “Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі” деген тәмсілдер бар. Сондықтан мәдениет пен әдепті сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Қоғамдық орындарда өзіңізді ұстамды ұстау, қажет болса, құқықтық шараларға жүгіну – тәртіп пен тәрбие көрсеткіші.

Олжас Әбдіхалық

Фото: gov.kz

Бүгін, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде