Комаға түскен 3 жасар бала емханада көз жұмды. Қырғызстанның Ош қаласында 3 жасар бала 11 ақпан күні емханада мерт болды.
Елдің Денсаулық министрлігінің мәліметінше, 5 ақпан күні 24 жастағы әйел өз ұлын аяусыз ұрып, кейіннен емханаға әкелген. Ол баласының сатыдан құлап қалғанын айтып сендірген. Алайда бүлдіршіннің бас-ми жарақатын алғаны, бүйрегі мен бұғанасы сынғаны анықталды.
«Дәрігерлер тиісті ем жүргізгенімен бүлдіршін 11 ақпан күні көз жұмды. Оның басы қатты жарақаттанған», – деп мәлімдеді министрліктегілер. Анасы қамауға алынған соң сәби қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының қарамағында болды.