jasqazaq.kz

Анасының бейітін іздеу үшін түрмеден қашқан

16 қараша 2017, 11:34

Ақтөбедегі қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген Юрий Аверьянов анасының бейітін іздеу үшін қашып кеткен. Полиция оны мал бағып жүрген жерінен тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Юрий Аверьянов Шығыс Қазақстан облысында туып-өсіп, Орал қаласында істі болды. Жазасының соңғы жылын Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында, Ақтөбе қаласындағы қоныс колониясында өтеді. 33 жастағы жазасын өтеуші «ҚазАдалҚұрылыс» компаниясында жұмыс істеп жүрген кезде анасының бейітін ізеуге шығып кеткен. Іс материалына сүйенсек, жазасын өтеуші таңертең жұмысқа барып, қоныс колониясына кешкілік қайта оралмаған. Ол үйіне оралып, анасының бейітіне бармақ болды. Юрий Аверьянов Ақтөбе облысы, Жем қаласындағы түрмеде жазасын өтеп отырған кезде анасы көз жұмған және оның қай жерде жерленгені туралы ешқандай ақпарат білмейді. Жаяу жолға шыққан ол Самара-Шымкент тасжолымен Хромтау ауданының Бөгетсай ауылына барады. Дүкенге кірген кезде бейтаныс әйел мал бағып, жұмыс істеуді ұсынады. Жазасын өтеуші бұл ұсынысты қабылдаған. Сот отырысы кезінде жазасын өтеуші Юрий Аверьянов кінәсін толық мойындап, өз ісі үшін өкінетінін жеткізді.

«Юрий Аверьянов Қылмыстық кодекстің «Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтару» бабы бойынша айыпты деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Бұрынғы қылмысының жазасы өтелмеген тағы 1 айы қосылып, 7 айға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын өтеуші сот залынан қамауға алынсын. Юрий Аверьянов жазасын қауіптілігі жоғары түзету мекемесінде өтейді»,- деді судья Гүлнар Тлепова.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті