jasqazaq.kz

Анасынан таяқ жеген бала есін жиды

13 желтоқсан 2017, 10:24

Оңтүстік Қазақстан облысы Қарабұлақ ауруханасында анасы өлімші етіп сабап, комаға түскен бала есін жиды, деп хабарлайды «Отырар» жергілікті басылымы.

Неге екені белгісіз анасы баласын өткен демалыста соққыға жыққан. Бала ауыр хәлде Қарабұлақ ауруханасының жансақтау бөліміне түскен.

Бөлім меңгерушісі Еркін Сармановтың сөзіне сүйенсек, жәбірленуші бассүйек-ми жарақатын алған, бүйрегіне зақым келген, денесінде көптеген жарақаттар, үшінші дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі, үшінші дәрежелі травмалық шок болған.

Баланың ұстаздары мен туған-туыстарының айтуынша, әйел баласына ешқашан қаталдық танытып, ұрып-соқпаған. Сабақ үлгерімін үнемі бақылап, өте мейірімді болыпты.

Күдіктінің ағасының айтуынша, әйел адам ата-анасынан ерте айырылып, туған-туыстары мен достарының үйінде тәрбиеленіпті. Жақындарының пайымдауынша, бала күнгі жан күйзелісі әйелдің жүйкесінің сыр беруіне әкеп соққан.

Дәрігерлердің мәліметінше, жәбірленуші есін жиып, жасанды тыныс алу құрылғысынан ажыратылды, дегенмен жағдайы аса ауыр.

Баланың анасы Сайрам уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

sputniknews.kz

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң