jasqazaq.kz

Анасымен ұрысып қалған қыз 3 қабаттан секіріп кетті (видео)

20 қазан 2017, 16:42

Алматыда анасымен ұрысып қалған қыз 3-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Today.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Алматының Бостандық ауданындағы Жандосов көшесінде болған.

«Біз кешкі астан кейін далаға шықтық. Бірдеңе гүрс ете қалды. Не болды деп қарасақ, ыңырсыған қыздың дауысы естілді. Оның терезеден құлап кеткенін байқадық. Ол үшінші қабаттан секіріп кеткен екен», — дейді оқиғаның куәгері Мұхит Сапарбаев.

Куәгерлердің айтуынша, қыз анасымен ұрысып қалған. Содан кейін оны пышақпен ұрған.

«Қыз ішімдік ішкен екен. Жедел жәрдем шақырдық. Пәтерге не болғанын білуге бардық. Содан кейін қыздың мас күйінде үйіне келіп, 74 жастағы анасымен ұрысып қалғанын білдік. Анасы қызын жігітпен кездесуге шығармай қойыпты. Ашулы қыз анасын пышақпен ұрып, балконға қарай жүгірген», — деп түсіндірді ол.

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс