
Иркутскіде әйел ұрлық жасаған ұлын бейне-жазбадан танып, полицияға ұстап берген. Жасөспірім досымен бірге әйелдің қалта телефонын ұрлаған.
Қылмыс бейне-бақылау камерасына түсіп қалған. Анасы ұрлық жасаған ұлын бейне-жазбадан танып, полицияға ұстап берген.
Stan.kz хабарлағандай, қылмыскерлерді анықтау мақсатында видео желіге жүктелген. Күдіктінің анасы видеодан ұлын танып, құқық қорғау органдарына хабар берген-ді. Бұдан кейін жас жігіт полицияға барып, өздігінен берілген. Әрі өкінетінін айтқан. “Ұрланған қалта телефоны иесіне қайтарылды”, – деп хабарланды құқық қорғау органынан.
Ұрлық жасаған екі жігіт бір сыныпта оқитын болып шықты. Ол аздай, оқушының екеуі де үлгілі отбасынан шыққан. Жасөспірімдерді ұрлық жасауға не итермелегені белгісіз.