jasqazaq.kz

Анасы 5 жасар қызды құлдыққа сатып жіберген

23 қазан 2017, 11:10

Сирек кездесетін дертке шалдыққан 5 жасар қызды анасы асырай алмай, құлдыққа сатып жіберген. Құлдықта өмір сүрген сәбиді қожайындары елден ақша жинау үшін аяусыз ұрып-соққан деп хабарлайды news-24.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сирек кездесетін генетикалық дертке шалдыққан қыз арқылы адам саудасымен айналысатындар ақша тапқысы келген. Осы мақсатта олар қызды ұрып-соғып, елдің аяушылық сезімін оятпақ болады.

Құлдықта өскен сәби көз жасын төгіп, елден ақша сұрайтын болған. Осының арқасында Анабель деген әдемі есімі бар қыз күнделікті ақша тауып, қожайындарына беріп отырған.

Кішкентай Анабель Баколод деп аталатын филиппиндік ауылда туған. Кішкентай кезінде ол Крузон дертіне шалдығады. Қызының мұндай дерті бар екенін көрген алты балалы анасы одан мүлдем бар тартады. Сол себептен ол оны құлдыққа сатып жіберген.

Анабель арқылы ақша тапқысы келген қылмыскерлер оның дертінің ауырлығына да назар аудармаған. Көзін жұмып, ұйықтаудан қалған сәби осы уақытқа дейін бір сәтке де демалмаған.

Алаяқтар оның жанына анасының орнына бір әйкелді бекіткен. Ол әйел де аталған қылмыстық топтың құрбаны болып шықты. Елден қайыр сұрауға мәжбүрлейтін топ оның денесін күйдіріп тастаған.

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс