Қайғылы оқиға Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласында болды. Полицияның дерегі бойынша, ол жерде екі кішкентай баланың мәйіті табылды.
«Олардың өліміне күдікпен Атырау облысының тұрғыны, балалардың анасы ұсталды.Алдын ала мәлімет бойынша, ол босанғаннан кейінгі күйзелісте болған.
Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы полиция басшылығының бақылауында», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.