jasqazaq.kz

Америкалық мейрамханада бейне бақылау камералары «елесті» түсіріп алды

22 қазан 2017, 11:42

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Вентура қаласында мейрамхананың қызметкерлері ғимаратта елес бар деген шешімге келді, — деп хабарлайды New York Daily News.

Кафе қызметкерлерінің бірі таңертең жұмысқа келген уақытта бір үстелдің құлап жатқанын байқаған. Ер адам жасырын камераларын қарап шығып, үстелдің өздігінен құлағанын көрген. Екінші оқиға тал түсте болған — мейрамхана қонақтарының бірі ғимараттағы жиһаздың қозғалғанын көрген. «Елестің» бұл әрекеті де видеоға түсіп қалды.

«Бұл өте түсініксіз. Біз 27 жылдан бері жұмыс істеп келеміз, мұндайды бірінші рет көріп отырмыз», — деді қожайындардың бірі Дэйв Фолдз. Оның айтуынша, қызметкерлер осыдан 25 жыл бұрын қайтыс болған кафе келушілерінің әруағы деп санайды. Кафе қонақтары «әруақтың» бұл әрекетінен қатты қорыққан жоқ. «Маған бәрібір, ең бастысы мен отырған үстелді қозғалтпаса болғаны», — дейді олардың бірі.

YouTube желісінің қолданушылары мейрамхана қызметкерлерінің бұл жаңалығына сенбейді, олардың айтуынша, кафе қожайындары осылайша клиент тартпақшы.

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс