15 жылдан аса уақыт отасқаннан кейін екіге кеткен Сәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаеваның хикаясы біраздан бері ел талқысында.
Жорабаеваның өзі бірнеше жыл бойы ажырасқанын жасыруға тырысқанымен, отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жетіп, ел арасында тез тарап кетті. Ақырында Жорабаева ажырасқанын ресми түрде мәлімдеп, оқиғаның мән-жайын баяндады.
31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында Жорабаеваның ата-анасы алғаш рет қыздарының ажырасуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.
“Алтынайдың 40 жылдық өмірі көз алдымызда, артық қимылы жоқ екенін білеміз”, – деп бастады әңгіменің әлқиссасын Алтынайдың әкесі Құлажан мырза.
Әншінің әкесі экс-күйеу баласына қатысты жағымсыз сөздер жаудырып не болмаса ашуға бой алдырған жоқ. Тек астыртын оған деген ренішін былай деп жеткізді.
“Ер адамдар бар, сыйлағанды түсініп, одан бетер жолдасын сыйлайды. Бір ер кісілер бар, сыйлағанды білмей, қоқаңдап кетеді. Мағынасын өздеріңіз де түсініп тұрған шығарсыздар. Бірақ Алтынай шешесінің тәрбиесін алған қыз, ердің алдына шықпа, соған күйеуге тидің бе, соның айтқаны заң деп тәрбиеледік. Бірақ соған келді. Жаңа айтқанымдай, түсінетіні бар, түсінбейтіні бар, көтеретіні бар, көтермейтіні бар”.
Бұл пікірге әншінің анасы Жаңыл апай да қосылды.