jasqazaq.kz

Алтынай Жорабаева Сәбиттің туған қыздарын іздемейтінін айтты

30 қазан 2017, 11:10

Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқанына үш жылға жуықтаған әнші Алтынай Жорабаева 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында бұрынғы күйеуі мен оның туыстарының қыздарын іздемейтінін айтты. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

«Жоқ, қыздарымен кездеспейді. Мен оларға күнде көрсеңдер де, өз еріктерің. Менің шек қоюға қақым жоқ деп айттым. Ол бәрібір «Шегірдің» қыздары, менің аралас, араласпа деп айтуға қақым жоқ. Өздерің шешіңдер дегенмін. Енді ол өзі іздемесе, оған қыздар жалынбайды ғой»,- деді әнші.

Алтынай бұрынғы жолдасымен ажырасқанына үш жыл болса да, онымен дос ретінде араласуға дайын емеспін деп ағынан жарылды.

«Білмеймін, мен ондайды әлі түсінбеймін. Ондай нәрсе әйел затына емес, ер азаматқа байланысты деп ойлаймын. Егер дос болып қалып жатса, араласып жатса мен оған қарсы емеспін. Әйел басыммен, қыздарымызбен ер азамат тұрған кезде, біз оның алдына барып иілмейміз ғой. Егер менен кінә кетсе, кешірім сұрау мен үшін ештеңе емес. Қыздарымызбен қыз баласы болып тұрып, біз оларға жалынбаймыз. Мен қыздарды жазда алып барған кезде «Аталарыңа барасыңдар ма?» деп сұрап, айтып отырамын. Қыздарым: «Жоқ, барғымыз келмейді!»,- деп айтқан. Бір — екі рет қаттырақ айтқан кезде үлкен қыздарым маған ренжіп қалған. Содан кейін болды деп, ары қарай өз шешімдеріне қалдырдым»,- деді Алтынай Жорабаева.

Еске салсақ, Алтынай мен Сәбиттің ажырасқандарына екі жылдан асып кетті. Жұбайлардың төрт қыздары бар. Бүгінде Алтынай Жорабаева Алматыдан Астанаға қоныс аударған.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы