jasqazaq.kz

Алтынай Жорабаева: Сәбит 1 жылдан бері қыздарын іздеп келген емес

22 қараша 2017, 14:11

«Иә, ажырасқаным рас!» Желіде өзіне ең жиі жолданған сауалға, бұл Жорабаеваның берген жауабы. Сәбитпен дәм-тұзы жараспаған Алтынай, соңғы кездері ашық сұхбат беруден бас тартпайтын болған. Ал, Әбдіхалықов мырза қыздарымен қаншалықты жиі жүздесіп тұрады?!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Қыздарға уже бір жылдан асады көрмегендеріне. Келіп, хабарласып, өздері бір жаққа барамыз деп тұрса, мен ешқашан қарсы болған емеспін. Керісінше, біз өзіміз қайта-қайта іздемейміз ғой. Олар өздері келіп іздемесе, қалай? Ер адам емес пе? Мен қыздарды көшеден тауып алған жоқпын”, – дейді Алтынай Жорабаева.

Алғашқыда Алтынай, Сәбитпен арадағы жайсыз жағдайды дүйім жұртқа жариялағысы келмеген. Тіпті, осыдан үш жыл бұрын шаңырағы шайқалған жанұяның жай-күйін, күні кешеге дейін сыр қылып сақтап келгенін айтады.

“Мен оның барлығын айтпауыма да болатын еді. Өйткені, көп адам сол сұраққа келе бергеннен кейін «Иә, ажырасқаным рас!», – деп айттым да енді. Өйткені, үш жылға жақындап қалды. Мен оны басталғанда айтсам, баяғыда білетін еді”, – дейді Алтынай.

Бірақ, Алтынай қанша ашуға булықса да, Сәбиттің азаматтық намысына нұқсат келтіруге құлықты емес. Жорабаева үшін ең бастысы төрт қызының әкесі аман жүрсе болғаны…

“Қыздарымның әкесі ғой қандай болса да, аман болсын! Ол да үлкен қызметте жасап отыр, жұмыс істеп отыр. Оның қызметіне зиянымыз тимеу керек бір жағынан”, – дейді әнші.

Айта кетейік, Сәбит пен Алтынайдың ортақ некесінен төрт қызы бар. Бүгінде Әбдіхалықов Алматы қаласында, ал Жорабаева Елордада тұрып жатыр.

Дереккөз: stan.kz

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті