jasqazaq.kz

«Алтын безгегі»: Жамбыл облысында қылмыстық топ ұсталды (Видео)

19 маусым, 12:32

Қазақстан экономикасының стратегиялық активтерінің бірі болып табылатын бағалы металдардың көлеңкелі айналымына қатысты қылмыстық схемаларды әшкерелеу бойынша Ішкі істер министрлігі кешенді жұмыстар жүргізуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Әсіресе алтынды заңсыз өндіру, өңдеу орындарын анықтауға және оны шетелге тасымалдау бағыттарын белгілеуге ерекше назар аударылуда. Бұған дейін ІІМ төрт өңірде кен өндірумен айналысқан бірнеше компанияның заңсыз қызметінің жолы кесілгені туралы хабарлаған болатын.

— Ағымдағы жылдың маусым айында Жамбыл облысында полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, «Ақбақай» кен орнында әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Топ құрамына жергілікті тұрғындар, комбинат қызметкерлері мен қауіпсіздік қызметінің өкілдері кірген. Заңсыз өндіруден бастап өңдеуге және алтын құрамды шикізатты тасымалдауға дейінгі қылмыстық тізбек толығымен әшкереленді. Олардың заңға қайшы әрекеттерінен кәсіпорынға келтірілген залал 400 миллион теңгеден асты. Топ ұйымдастырушысы мен оның сыбайластарын ұстау бір мезгілде елдің төрт өңірінде жүргізілді. Жалпы 50-ден астам адам ұсталды. Шамамен 6 кг алтын тәркіленді, кен өңдейтін 8 жасырын цех жойылды. Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу фактілері бойынша тергелуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Алтын контрабандасының арналары, өзге де көлеңкелі айналымдар және түпкілікті бенефициарларды анықтау бойынша жұмыс жалғасуда, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

 

Бүгін, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді