Қытайдың Цзянсу провинциясында екі жасар сәби ұзындығы 30 сантиметр тереңдігі алты метр болатын құбырға түсіп кеткен деп жазады oxu.az-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Құтқарушылар екі сағат бойы баланы жіңішке құбырдан шығаруға тырысқан. Алайда сәбиді жерді қазып, тек экскаватордың көмегімен ғана құтқарып алу мүмкін болған.
Дәрігерлердің айтуынша, құтқару жұмыстары кезінде бүлдіршін ешқандай жарақат алмаған. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.