jasqazaq.kz

Алматының ойын-сауық орталығындағы жанжалды полиция тексеріп жатыр

05 қазан 2022, 15:02


Алматы полициясы ойын-сауық орталықтарының бірінде болған жанжалға қатысты деректі тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Telegram-каналдардың бірінде қаладағы ойын-сауық орталықтардың бірінде әкімші мен отбасымен демалуға келген ер адамның арасындағы дау-дамай түсірілген видео орналастырылды. Видеоға жазылған комментарийде орталық әкімшісіне қол көтерген ер адам «Келинка Сабина», «Құдалар», «Побег из аула» және өзге де картиналардың операторы және продюсері Азамат Дулатов екені айтылған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл деректі қазір Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі тексеріп жатыр.

«Екі тарап та полицияға арызбен жүгінді. Ойын-сауық орталығы қызметкерінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Материал ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабы бойынша тіркелді», — делінген полиция мәліметінде.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті