jasqazaq.kz

Алматылық өрт сөндірушілер оқиға орнына мотоциклмен барып жүр

16 қазан 2017, 10:12

Алматы тұрғындары өрт сөндіру үшін көз үйренген алып машина емес, мотоциклшілердің келіп жатқанына аң-таң болып жүр,  – деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

14 қазанда «Мамыр 4» ықшамауданындағы 293-үйдің тұрғындары көп қабатты үйдің кіреберісінде будақтаған түтін салдарынан «101-ге» хабарласады. Алдымен жеткендер мотоцикл мінген ТЖ қызметкерлері болды. Келе сала қолма-қол жұмысына кірісіп те кетті. Фейсбукте Александр Климанов есімді азаматтың айтуынша, 7 минутта келген «шағын бригада» өртті сөндіріп тастағанына жұрт алғысын да білдірген. Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова өрт хабарына алғаш аттанған мотоцикл экипажы болғанын растады. Оның айтуынша, үй алдындағы қоқыстың өртенуі кіреберісті түтінге тұншықтырған. Аспалы өрт сөндіргіш құралдарымен жабдықталған мотоциклшілер оны 18:14-те сөндіреді. Кішігірім өрт апаттарына баратын экипаж мүшелері қажет болғанда адамдарды да құтқара алады, оған қажетті барлық құрал-сайманы бар. «Бұл пилоттық жоба, Қазақстанның басқа жерінде мұндай жоқ. Мотоциклдерді 40,4 миллион теңгеге сатып алдық», — деп жазады Сандуғаш Баймұхамбетова. Статистикаға сенсек, мотоцикл экипажы биылғы жеті айдың ішінде 50 рет «жорыққа» шыққан. Ал 9 айда Алматы өрт сөндірушілері 2692 өртті сөндіруіне тура келген.

 

27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті