jasqazaq.kz

Алматылық 600 оқушы суицид жайлы топтарға тіркелген

22 ақпан 2018, 17:41

Алматылық 600 оқушы Желіде суицид жайлы топтарға тіркелген болып шықты — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Былтыр суицид жағдайларымен жұмыс істеу барысында суицид жайлы 6 танымал топ анықталды.

Алматыдан ол топтарға шамамен 600 адам тіркелген — мектеп жасындағы балалар. Біз олардың аты-жөнін анықтау мақсатында сауалнамаларын қала мектептеріне жолдадық. Әрине, ата-аналар балаларының ол топтарға кездейсоқ кіргенін айтып отыр. Бірақ психологтардың арқасында осы балалармен қосымша жұмыс жүргізілді», — деді Алматы қалалық Білім басқармасы жаңа технологиялар орталығының директоры Андрей Дупик. Директордың айтуынша, олар әлеуметтік желілерді бақылап отырады. «Осындай топтарды көріп қалған кезде топтағы адамдарды анықтауға тырысамыз. Сол топтың сілтемесін прокуратура мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жолдаймыз. Былтыр «Синий кит» тобы бұғатталған еді. Ал өткен аптада «Уроды Алматы» тобы бұғатталды», — деді Андрей Дупик. Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің талаптарымен «ВКонтакте» желісіндегі «Уроды Алматы» тобының бұғатталғаны хабарланған болатын.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды