jasqazaq.kz

Алматыға Мәскеуден келген ақ аю

02 маусым 2023, 11:35

 

Алматы зообағына Мәскеу хайуанаттар бағынан Пурга есімді ақ аю жеткізілді.

Алматы хайуанаттар  бағы баспасөз қызметінің мәліметінше, алты жасар  ерекше жануарды Алматыға әкелмес бұрын үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Арнайы қоршау жасалып, бассейн салынды. ЕАРАЗА комиссиясының келісімі алынды.

«Бізге келгеннен кейін ақ аю карантинде болды. Бұл талап зообақтарға әкелінетін, басқа жаққа берілетін барлық жануарларға қатысты. Енді, карантин аяқталып, біздің келушілеріміз зообағымыздың жаңа тұрғыны – Пурганы көре алады. Оның орналасқан вольері кең, ауласында екі бассейні бар. Үйшігінің ішінде ауаны салқындатып тұратын арнайы желдеткіш орнатылған және суық еден жасалған»,- деп хабарлады зообақтың баспасөз қызметі.

Пурга енді зообақта  сиыр, тауық етімен, түрлі балықтармен, алма, алмұрт, салат жапырағы, балмен қоректенеді.

JQ-Aqparat

Сурет — Алматы зообағының Инстаграмы

 

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң